Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Ақтоғай ауданының имамдары жиын өткізді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 29.03.2021 2789 0 пікір
Қарағанды: Ақтоғай ауданының имамдары жиын өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2021 жылға арналған жұмыстың жеті бағыты бойынша Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық мешітінде жиын өтті.

Басқосуға ауданға қарасты ауыл имамдары толық қатысты. Жиын барысында ҚМДБ-ның бекіткен 7 бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үш құжат имамдарға жеке-жеке таныстырылды. Атап айтқанда, «Зияткер имам», «Ас беру мәдениеті» мен «Зират және Зиярат мәдениеті» кітапшалары имамдарға кеңінен таныстырылды.

Алдағы уақытта ауыл имамдарына осы үш құжат бойынша жергілікті халыққа кеңінен насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру