Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Ардагерлер кеңесі мен Әжелер алқасының жүздесуі

asyldin.kz 27.03.2021 3335 0 пікір
Тараз: Ардагерлер кеңесі мен Әжелер алқасының жүздесуі

Жамбыл облысындағы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде Ардагерлер кеңесі мен Әжелер алқасының жүздесуі өтті. Шараға аталған екі ұйымның мүшелері мен имамдар, БАҚ қызметкерлері қатысты.

Басқосуға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев модераторлық етіп, Әжелер алқасының жетекшісі, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысы бойынша өкілі Гүлжан Серікқызына алғашқы сөзді ұсынды. 

Облыстағы нәзік жандыларға қатысты барлық жұмыста бағдарлаушы болып жүрген бас ұстаз Әжелер алқасы туралы мағлұмат беріп, мақсат-міндеттерін, жұмыс жоспарын баяндады. Сонымен қатар мешіт қызметінің жылдық есебін көрген Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев оң бағасын беріп, әжелердің жұмысымен танысып, Ақсақалдар кеңесі жанынан осындай ұйым құру жайлы ойын жеткізді.

Басқосуға қатысқан облыстық Билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов ел арасындағы даулы мәселелерді шешу барысында имамдардан қолдау болып жатқанын тілге тиек етті. Бас имам ардагерлерге Құран кітаптарын сыйға тартып, ҚМДБ қабылдаған құжат «Жеті рухани қазық» кітапшасын табыстады.

Жас ұрпақты тәрбиелейміз, дұрыс бағыт-бағдар береміз деп бір мақсатты көздеген мешіт, Ардагерлер кеңесі мен Әжелер алқасы алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға келісіп, меморандум құруға ниетті. 

Көпшілік өз ұсыныстарын ортаға салып, жиын соңында бата берілді. Отырыстан шыққан соң ардагерлер «Асыл дін» студиясымен танысып, сұқбат беруге уағдаласты. Сондай-ақ ақсақалдар дін мамандарымен бірге мешіт ауласына шырша ағаштарын отырғызды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру