Шымкент орталық мешіті жанындағы «Әжелер» мектебі мүшелері «Абдулхамид Қаттани» мешітінде қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Іс-шараға «Halifa al-Nahaian» мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имамы Бекайдар Әміре, аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек пен қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және «Әжелер мектебінің» мүшелері қатысты.
Қайырымдылық шара барысында «Әжелер мектебінің» жетекшісі Қалдыгүл Жұмабекқызы бастаған апалар 15 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді. Және бірқатар зағип жандарға қаржылай көмек берді.
Игі шара барысында «Halifa al-Nahaian» мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, игі шараға сәттілік тіледі. Ал аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек барша белсенді апаларға арнайы алғыс хат табыс етіп, мешіттің әйел ұстаздарына сыйлықтар берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
27.03.2021
2772
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру