Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жұма сайын 35 отбасыға нан таратады

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 27.03.2021 3188 0 пікір
БҚО: Жұма сайын 35 отбасыға нан таратады

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылының тұрғыны, «Бекмұрза» шаруа қожалығының жетекшісі  Жанар Әбілхайырова әр жұма күні 35 отбасыға тегін нан таратады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қандай қайырымды іс жасасаң да барлығы өзің үшін. Алла Тағала Құранда: «Алланың жолында не жасасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады», - деп бұйырады.

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру