ЖАНТ кездесулері аясында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарғай аудандық мешітінің бас имамы Елдос Аманғарев аудандық полиция бөлімінде болды.
Бас имам осы бөлімде қызмет атқаратын құқық қорғаушылармен кездесті. Жиында Елдос Аманғарев елді қорғаудың маңызы жайлы насихат айтты.
«Бабаларымыз жауынгер халық болғаны белгілі. Асыл дінімізде ел амандығы үшін басын қатерге тігетін, халыққа қызмет ететін сарбаздарға зор сауап жазылады. Ел қорғау, тыныштық сақтау аса зор сауапты іс» деп атап өтіп, нақты мысалдар келтірді.
Сондай-ақ бас имам кездесуде ішкі істер қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
27.03.2021
2685
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру