Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ауданның ас беру мәзірі бекітілді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 26.03.2021 4268 0 пікір
БҚО: Ауданның ас беру мәзірі бекітілді

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал мешітінде бас имам Тілек Ахмеджанұлының төрағалығымен имамдардың IV республикалық форумында қабылдаған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» және «Зияткер имам» құжаттарын кеңінен насихаттауға арналған алқалы жиын өтті.

Жиынға Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абишова, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Алия Жақсыбаева, Казталов ауданына қарасты мешіт имамдары, Жалпақтал мешітінің алқа мүшелері, зиялы қауым өкілдері және қоғамдық бірлестіктер төрағалары қатысты.

Бұл құжаттар діни рәсімдерді бірізділікке салуға көмектеседі. Біздің мақсатымыз – осы құжаттарды халық арасына кеңінен дәріптеу. Егер халыққа толық түсіндіру жұмыстары жасалатын болса, жұртшылық қойылған талаптарға бағына отырып, ас мәзірін жасауға үйренері даусыз.  

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы еліміздегі басқа да діни ұйымдар секілді зайырлы елдің қағидаттары бойынша өз нұсқауын елге көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыр. Казталов ауданы бойынша жаназа және садақаға берілетін ас мәзірі бекітілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру