Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы аймағында Бас мүфти бастамасы жалғасуда

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.03.2021 3107 0 пікір
Алматы аймағында Бас мүфти бастамасы жалғасуда

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған берекелі бастама әр жұма күні Алматы облысы Талғар ауданында да жалғасуда.

Наурыз айында «Қайырымды жұма» игі шарасы аясында Талғар-Алматы бағыты бойынша 421 жолаушы тегін жеткізілді.

Аудан бойынша дүкендерде әлуметтік аз қамтылған отбасыларға 1700 нан тегін үлестірілді. Сондымен қатар 115 литр сүт таратылды.

Діни басқармадан бастау алған бұл шара аудан тұрғындарының жақсылық жасауға деген құлшыныстарын арттыра түсуде. Жергілікті мешіт имамдарының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан қайырымдылыққа дән риза болған көпбалалы аналар мен асыраушысы жоқ отбасылар алғыс айтуда.

Аудан имамы Қажымұхан Қамбарұлы бұл игі бастама аудан көлемінде ұдайы жалғасып тұратынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру