Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Жетібай ауылында жолаушылар бөлмесі ашылды

beket-ata.kz 26.03.2021 3021 0 пікір
Маңғыстау: Жетібай ауылында жолаушылар бөлмесі ашылды

Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Қарақия ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Ауданға қарасты ғибадат үйлерінің хал-ахуалы және дін қызметкерлерінің қызметімен етене танысу, сондай-ақ жергілікті жамағатпен кездесіп, сүбелі сұхбат құру арқылы кейбір мәселелердің шешу жолдарын қарастыру мақсатында бас имам Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітіне аялдады.

Қарақия ауданының бас имамы Руслан Прманов Әнуар Ізімбайұлына аудан мешіттерінің жай-күйіне байланысты өзгерістер жайлы баяндап, Ақтау – Шетпе – Бейнеу – Атырау жол бойында орналасқан «Сүйінғара батыр» мешітінің ішінен ашылған  жолаушылар бөлмесін таныстырды.

«Жолаушылар бөлмесі – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ізгі бастамаларының бірі. Мұндай бөлме өңірімізде алғаш рет Қарақия ауданында ашылып отыр. Алдағы уақытта бұл қайырымдылық жобасы, жол бойындағы өзге де мешіттерімізде жалғасын табады» деді Әнуар Ізімбайұлы.

Сапарлатып келе жатқан жолаушы азаматтар осы жерге тоқтап, өзіне қажетті қызметтерге (дәрет алу, намаз оқу, ыстық шәй, жеңіл ас ішу және т.б.) қол жеткізе алатынын атап өткеніміз жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру