Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Колледж студенттерімен кездесті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.03.2021 2533 0 пікір
Қарағанды: Колледж студенттерімен кездесті

Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Қондыбай Серікбайұлы Сәтбаев индустриялдық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіңе де, өзгеге де зиян тигізбе!» - деген мағынадағы керемет хадисі бар. Көлемі қысқа болса да, мағынасы терең хадиске амал ету – бізге міндет. Колледждегі кездесу осы хадиске сай «Қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында өтті. 

«Қоғам ішіндегі бүлік пен алауыздықты тоқтату – әр мұсылманның міндеті. Құран аяттары мен Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері бізге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін жеке мүддеден бас тарту иманның кемелдігін білдіреді. Әлемдік діндердің ешбірі қоғам тыныштығын бұзуға рұқсат бермейді» деді Қондыбай Серікбайұлы студенттермен кездесуде.

Басқосуда сондай-ақ қоғамдағы тыныштықты сақтау, мұсылманның өзгеге зиян тигізбеуі, кісі ақысын жемеу, тәртіпке бағыну секілді мәселелер көтеріліп, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірімен, сахабалар тарихымен айшықталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру