Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Qamqor-Sharapat» орталығының өкілдігі құрылды

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.03.2021 2790 0 пікір
Маңғыстау: «Qamqor-Sharapat» орталығының өкілдігі құрылды

Жаңаөзен қаласындағы «Қосай ата» мешітінде «Зират және зиярат әдебі» тақырыбында жиын өтті. Іс-шараға Жаңаөзен қаласы мешіттерінің имамдары қатысты.

Жиын барысында Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар Елжанов ҚМДБ бастамасымен құрылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Мұхамбет Жакиевті таныстырды.

«Біздің «Qamqor-sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының басты мақсаты –жерлеу рәсімін шариғатқа сай атқару, ысырапқа жол бермеу, жаназа және жерлеу рәсімінде бірізділікті қалыптастыру. Қазір қала, аудан мешіттерінің имамдарымен кездесіп, жұмыс барысын хабардар етудеміз.

Кейінгі жылдары марқұмды соңғы сапарға шығарып салу, садақа рәсімін өткізу және ас беру, дастарқан жаюда бәсеке бәсеңдемей тұр. Сондықтан дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, асыл дініміздегі қарапайымдылық пен адамгершілік, ысырапшылдық пен тәкаппарлық ұғымдары туралы жиі айтып, жамағатпен жұмысты жандандыру қажет» деп атап өтті «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Мұхамбет Жакиев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру