Ақжайық төріндегі Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің азаншысы болып бұған дейін «Жұбан молда» орталық мешітінің бас имамы болып жұмыс істеген Бағдат Шақаев тағайындалды.
Алла үйіне жиналған қауымға Орал қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан Елтайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, Бағдат Русланұлын жамағатқа таныстырды.
Бағдат Шақаев 2014-2017 жылдары Орал медресесінде оқыды. 2017-2018 жылдары Тасқала аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың дінтанушы маманы, «Руханият» деструктивті діни ағымдардан қорғау мен көмек көрсету орталығының төрағасы, 2018-2019 жылдары Бөрлі ауданы Ақсай қалалық мешітінің наиб имамы, «Парасат» деструктивті діни ағымдардан қорғау мен көмек көрсету орталығының төрағасы қызметтерін атқарды.
2019-2021 жылдары Бәйтерек ауданындағы «Жұбан молда» орталық мешітінің бас имамы болып қызмет істеді. Осы жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің дінтану мамандығын меңгерді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
25.03.2021
2876
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру