ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында қолға алынған Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытын кең көлемде түсіндіру үшін Шымкент орталық мешітінде «Ислам. Иман. Ихсан» атты аймақтық танымдық рухани семинар өтті.
Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып, рухани тәрбие бағытындағы жұмыстарға айрықша тоқталды.
Сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбәрак университетінің аға оқытушысы Бауыржан Әлиұлы мешіт имамдарына Ихсан ілімі жөнінде дәріс оқыды. Өте әсерлі өткен рухани семинар барысында сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.
Айта кетсек, аталмыш семинарға Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты мешіт имамдары қатысты. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
25.03.2021
2694
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру