Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Қар құрсауында қалған жолаушылар мешітке жеткізілді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.03.2021 2994 0 пікір
Қарағанды: Қар құрсауында қалған жолаушылар мешітке жеткізілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну) еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы бірқатар автожолдар жабылды.

Алайда соған қарамастан жолға шыққан қаншама адам мен техника қар құрсауында қалды. Оларға төтенше жағдай қызметкерлерімен қатар, мешіт қызметкерлері де қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Теміртау жолында қар құрсауында қалған жолаушылар Аршалы ауылындағы мешітке жеткізілді. Мешітке тек мұсылмандар ғана емес, өзге дін өкілдері де келді. Мешіт қызметкерлері мен жамағаты оларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, барлық қажетті көмекті беріп жатыр.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаған абзал.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру