Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Арал ауданына қарасты Тоқабай ауылында сапарда болды.
Сапар барысында бас имам Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Әли Мақсым» мешітінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысып, демеушілік танытқан жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл халқына алғыс білдірді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ашылған құлшылық үйі 70 адамға арналған. Айта кетейік, 1995-1996 жылдары пайдалануға берілген көне мешіт ғимаратының тозығы жеткендіктен, 2019-2020 жылдары заман талабына сай жасақталған жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілген болатын.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
24.03.2021
3216
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру