Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Имамдар өзгелерге үлгі көрсетті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.03.2021 2571 0 пікір
Қостанай: Имамдар өзгелерге үлгі көрсетті

Қостанай облысы Федоров ауданы орталығындағы спорт кешенінде дін қызметкерлерінің қатысуымен футбол жарыс өтті.

Футбол жарысына қалалық, аудандық мешіттерден 3 команда іріктеліп алынды. Нәтижесінде Қостанай облыстық мешітінің командасы топ жарды. Олар бірінші орынды иеленіп, өзгелерге үлгі көрсетті. Аудан әкімі Тәубе Қайыржанұлы арнайы кубок пен мақтау қағазын салтанатты түрде табыс етті.

Салауатты өмір салтын ұстанған дін қызметкерлері алдағы уақытта да спорттың өзге түрлерінен жарыстар мен турнирлер өткізбек. Имамдар уағыз айтып, қалың жұртшылықты имандылыққа шақырып қана қоймайды. Мұсылмандарды денсаулықтың басты кепілі спортпен тұрақты шұғылдануды насихаттайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру