Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Оқу-ағарту бағытына қатысты жиын өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.03.2021 2330 0 пікір
Қарағанды: Оқу-ағарту бағытына қатысты жиын өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде барша дін қызметкеріне бағдарламалық баяндамасын жолдап, мүфтият қызметінің жеті бағытын айқындаған болатын.

Аталған жеті бағыттың бірі – оқу-ағарту және кадрлық әлеует. Осы бағыттағы жұмыс жоспарын пысықтау мақсатында Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен жиын өтті.

Алқалы жиынға шаһарға қарасты мешіттердің имамдары, ұстаздары және қызметкерлері қатысты. Естай Айтуғанұлы жергілікті мешіттер жанындағы сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру, жаңа пәндер бойынша дәрістер оқу, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәрістерді онлайн форматта өткізуге көңіл бөлу керектігін айтып өтті.

Сонымен қоса кадрлық әлеует мәселесін тілге тиек етіп: «Дін қызметкерлерінің біліктілігін тек діни тұрғыдан емес, зайырлылық, заңнамалық тұрғыдан арттыруға көп көңіл бөлуіміз қажет. Оқу-ағарту және кадрлық әлеует бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударуымыз керек», деп атап өтті.

Жиын соңында бас имам дін қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар беріп, нақты міндеттер жүктеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру