Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының бас имамы Ардақ Жұмабекұлы мешіт жамағатына имамдардың IV республикалық форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырды.
Құжатта баяндалған ас беру тәртіптері, ысырапқа жол бермей, әркімнің өз шама-шарқын ескеруі, қайғылы үйге көп жүк түсірмей, көңілін жұбатудың маңызы, құдайы аста қарапайымдылықты сақтау және Құран оқып, бата беру мен уағыз-насихат айтып, марқұмды еске алудың әдептері жайлы жан-жақты түсінік берілді.
Бұл құжаттың мақсаты еліміздің барлық аймағында шариғат шеңберіне сай, салт-дәстүрге лайықты деңгейде ас беру мәдениетін қалыптастыру екенін жеткізді. Қазалы үй иелері басына қайғы түсіп отырғанда ас беру қамымен қайғысы одан сайын еселенбеуі жағын баса ескертті. Мешіт жамағатын осы бір игі бастамаға қолдау көрсетіп, халық арасында кеңінен жайылуына үлес қосуға шақырып, білген білімін басқаларға үйретудің сауабы мол екенін баяндады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
24.03.2021
2691
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру