Қазақтың ұлттық киімін киіп, әшекейін таққан мешіттің әйелдер жамағаты мерекенің басты тағамы – Наурыз көже мен өзге де дәмділерді дайындап, дастарқан жасады. Ұлтымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен рәсімдерін жасап, жөн-жоралғыларын атқарды.
«Шараның мақсаты – жылдың басы, мейрамның төресі, әз-Наурызды қарсы алып, жамағатпен жылы қауышу, салт-дәстүрімізді асыл дініміздің құндылықтарымен ұштастыру. Өткен жылы мереке атаусыз қалды. Биыл сақтық шараларын сақтай отырып, жоғары көңіл-күймен мейрамға арнап шара ұйымдастырылды» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева.
Мерекелік шара барысында қыз ұзату рәсімінен көріністер көрсетіліп, сыңсу әні шырқалды. Толған айдай толысып, туған үйінен өмірлік серігімен отбасын құруға ұлы жолға шыққан жас аруға аналар ақ тілегін арнап, әжелер бата берді. Мерекелік шара жамағат тарапынан жақсы бағаланып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі
24.03.2021
2921
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру