Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Ұлттық ойындар сайысы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.03.2021 3020 0 пікір
Шымкент: Ұлттық ойындар сайысы өтті

Шымкент орталық мешітінде әз-Наурыз мерекесіне арнлаған ұлттық һәм спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Мерекелік шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың тікелей қолдауымен өткізілді. Мерекелік шараға қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков мұрындық болды. Ал дәстүрлі мерекелік шараны қалалық мешіттің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров жүргізіп, шараның әрін кіргізді.

Шара аясында арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес секілді ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа «Ақмешіт», «Абай», «әл-Фараби», «Еңбекші», «Қаратау», «Төлеби» командалары қатысты. Жеңімпаздарға орталық мешіт тарапынан сый-сипаттар үлестірілді.

Сондай-ақ көпшілік алдында тұсаукесер рәсімі өткізілді. Бұл шараға ғалым-дінтанушы ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре қатысып, тұсау кесіп, бата берді. Бұл бағыттағы қайырымдылық пен ұлтық спорт шаралары бір ай бойы жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру