Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Сарыағашта Құран жарысы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 21.03.2021 4046 0 пікір
Түркістан: Сарыағашта Құран жарысы өтті

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан жарысы өтті.

Оған Түркістан, Қызылорда облысы мен Алматы, Шымкент қаласынан жүзге жуық үміткер қатысты. Облыс бас имамы Еркебұлан Қарақұлов бұл сайыстың қарилардың бабын байқау үшін де ұйымдастырылғанын айтты.

Құранның 30, 20, 10 парасын жатқа айту мен мәнерлеп оқудан 12 қари жүлделі орындарға ие болды. Жалпы жүлде қоры 2 млн. теңгені құраған жарысқа жергілікті кәсіпкер Медет Сапарұлының отбасы мен достары демеушілік етті.

Қазылар алқасы қатысушыларға әділ бағасын берсе, көпшілік жарыс қорытындысына ризашылығын білдірді.

Нәтижесінде құранды жатқа және мәнерлеп оқудан үздік атанған Сарыағаштан 2, Түркістаннан 4, Сайрамнан 2, Шымкенттен  1, Созақтан 1, Келестен 1 және Кентаудан 1 үміткер жеңіске жетті. Олар алдағы уақытта өтетін республикалық жарыстың іріктеу сынына қатыспақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру