Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: 150 отбасыға қайырымдылық жасалды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 21.03.2021 3522 0 пікір
Қарағанды: 150 отбасыға қайырымдылық жасалды

Қарағанды облысы, Теміртау қаласының орталық мешітінде «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық акциясы өтті.

Аталмыш іс-шара барысында, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған мешіт имамдары жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 150 жанұяға азық-түлік себеттерін табыстады.

«Sauap» орталығының еріктілері белгілі-бір себептермен мешітке келе алмаған отбасыларға азық-түлік себеттерін үйлеріне дейін жеткізіп, қолма-қол үлестіріп берді.

«Ислам – жақсылық пен ізгілік діні. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде садақа берген адамның өмір жасы ұзақ болып, одан бәле-жала аулақ болады деп айтқан. Осыған орай, бүгінгі шараға қол ұшын созып, атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз! Ниеттеріңіз қабыл болып, Алла сіздерге разы болсын!», деді Естай Айтуғанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру