Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Наурыз мерекесінде 50 отбасыны қуантты

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 21.03.2021 2821 0 пікір
Қостанай: Наурыз мерекесінде 50 отбасыны қуантты

Жылдағы дәстүрді жалғастырып, Наурыз мейрамына орай Қостанай облысының Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітінің қызметкерлері «Наурыз шашуы» қайырымдылық акциясын өткізді.

Ұлыстың ұлы күніне орай қаладағы бір топ кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік жағынан қамқорлыққа зәру 50 отбасыға азық-түлік жағынан көмек берілді.

«Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің айтуына қарағанда, жергілікті әкімдік, кәсіпкерлер және мешіт арасында тығыз игі қарым-қатынас орнаған.

«Әрдайым «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген қағиданы басшылыққа алып отырамыз. Бұл жолы кәсіпкерлер белсенділік танытты. Қамқорлыққа бөленген жандар қуанып қалды. Аталған қайырымдылық шарасына демеушілік еткен азаматтарға шапағаты мол Наурыз мейрамы тек қана ырыс, береке және молшылық алып келсін деген ізгі тілек білдіреміз» деді бас имам Б.Уәлиев.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру