Қарағанды облыстық Әйел-қыздар секторының Сәтбаев қаласы бойынша жауапты маманы Рахима Талипбекованың ұйымдастыруымен Әз Наурызға орай ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мерекелік іс-шара өтті.
Шара Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінде жоғары деңгейде аталып өтті. Алдымен, Алланың кәламы болған қасиетті Құран-Кәрімді оқумен басталып, мешітіміздің бас имамы Қондыбай Серікпайұлының лебізімен жалғасын тапты. Бас имам:
«Әз-Наурыз – халықтың бірлігін нықтап, берекесін кіргізер, көңілін үстем қылар шынайы жылдың басы, Алланың ақ дініне ешқандай қайшылығы жоқ ұлттық нақышымыз. Ендеше, бұл ұлық мерекеге бір сәт өзгенің көзілдірігімен емес, өз көзімізбен қарап, салт-дәстүрдің даналығын терең сезінейік» - деп ағынан жарылды.
Ұлттық дүниетанымымызды танытқан шара барысында салт-дәстүрлеріміз ардақталып, мирасымыз болған жыр-термелеріміз насихат тапты. Ардақты аналарымыз бен аяулы әпке-қарындастарымыз ұлттық киімдер көрмесін көрсетіп, «наурыз көже» таратылып, соңында қамыр жаюдан келіндер сайысы болды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», - демекші, «Қазақмыс» корпорациясының «Кәсіпқорған» кәсіподағымен бірлесе отырып жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан 20 кісіге қайырымдылық көрсетілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
muftyat.kz
21.03.2021
3120
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру