Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: РАНТ мүшесі телеарнаға сұхбат берді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 21.03.2021 3423 0 пікір
Шымкент: РАНТ мүшесі телеарнаға сұхбат берді

Шымкент қаласының «Оңтүстік» телеарнасы мен «Оңтүстік» радиосының жұма күнгі имандылық хабарына ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Алматы қаласындағы «Байкен» мешітінің наиб имамы Дүйсебаев Нұрболат Аманбайұлы қатыстып, сұхбат берді.

Дәстүрлі жұма сайын тікелей эфир арқылы көрсетілетін «Имандылық иірімдері» хабары барысында РАНТ мүшесі «Ихсан ілімі және Жастар тәрбиесі» төңірегінде кеңінен түсіндіріп берді.

Одан әрі РАНТ мүшесі қалалық Дін істер басқармасының ұйытқы болуымен №167/3 Түзеу мекемесінде кездесу жұмыстарын жүргізді. Оған қалалық «Діни оңалту» бөлімінің жетекшісі Дастан Желеуов те қатысты. Арнайы кездесу барысында жазасын өтеп жатқандармен, оның ішінде жат ағым мүшелерімен жеке кездесулер өтіп, дәстүрлі бағытқа бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру