Ақтауда Маңғыстау облысы дін істері басқармасының қолдауымен «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қоры мен облыстық Бекет ата мешітінің Әйел-секторының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына орай «Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі» атты іс-шара өтті.
«Мешіттің әйел жамағатына арналған шараның мақсаты – қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін дәріптеу, асыл дініміздің қастерлі құндылықтарын насихаттау және халқымыздың сүйікті мейрамы Наурызды атап өту. Іс-шараға «Асыл аналар» әжелер мектебінің өкілдері, «Жусан» операциясы арқылы елге оралған азаматшалар және мешіт жамағаты қатысты. Дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, әйелдерге мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еттік» дейді облыстық Бекет ата мешітінің Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақмарал Қазиева.
Мерекелік шараны Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтаса, «Отпан» орталығының басшысы Азамат Төлепов жамағаттың басын қосқан жиынның маңыздылығын атап өтті. Құрылғанына 1 жыл болған «Асыл аналар» әжелер мектебінің өкілдері қазақтың нәрестені бесікке салу, тұсаукесер сияқты рәсімдерін көрсете отырып, жастарға байырғы салт-дәстүріміздің бүгінгі өмірмен байланысын түсіндіріп, әдет-ғұрыпты қадірлеуге шақырды.
Жиын соңында жиналғандарға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар ұсынылып, ұлттық тағамдардан дастарқан жайылды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
20.03.2021
2726
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру