Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мешіттер арасында волейболдан жарыс өтті

amin.kz 20.03.2021 2987 0 пікір
Атырау: Мешіттер арасында волейболдан жарыс өтті

Наурыз мерекесінің құрметіне Атырау облысының Жылыой ауданында мешіттер арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау, мешіт ұжымдары және жамағат арасында ынтымақтастықты, бауырмалдылық сезімді нығайту мақсатында өткен волейбол жарысына үш команда қатысты.

Тартысты бәсекеде "Тұрғызба" ауылдық мешіті командасы топ жарды. "Нұрқас Сатыбалды" мешіті және Жылыой аудандық орталық мешіті командалары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Жылыой ауданында үш мешіт жұмыс істеп тұр. Жылыой аудандық орталық мешіті Құлсары қаласында орналасқан. Ал Тұрғызба ауылдық мешіті Жылыой ауданындағы Тұрғызба елдімекенінде ірге тепкен. "Нұрқас Сатыбалды" мешіті 2006 жылдан бері Жаңақаратон поселкесі тұрғындарының игілігіне қызмет көрсетіп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру