Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Наурыз мейрамына орай ат бәйгесі өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 20.03.2021 3046 0 пікір
ШҚО: Наурыз мейрамына орай ат бәйгесі өтті

Наурыз мейрамына Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешіті аламан бәйге өткізді.

Бәйге десе елеңдеп тұратын атбегілер бұл жарыстан шет қалған жоқ. Бәйгеге аудан көлеміндегі оза шауып жүрген өрен жүйріктер қосылды. Дала төсін дүбірге бөлеген аламан қызықты болды. Көмбеге шалдықпай жеткен жүйріктерге «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов сыйлықтар табыс етті.

«Бәйгені Наурыз мейрамына орай ұйымдастырып отырмыз. Ұлттық ат спортын қолдау, насихаттау, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту қазіргі таңда аса маңызды. Бәйге қызықты өтті» деп атап өтті Аманкелді Жарасов.

Шараны тамашалауға жиналған ауыл жұрты аламанның қызықты өткенін айтып, оны ұйымдастырған ауыл мешітіне алғыс білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру