Павлодар облысы Ақсу қаласында ЖАНТ тобының мүшелерінің қатысуымен жат ағым өкілдерімен жұмыс істеу жайлы әдістемелік кеңес өтті. Кеңеске облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы арнайы қатысты.
Сонымен қатар бұл шараға облыстық діни істер басқармасының басшысы Дәулет Закариянов, өңірлік конфессияаралық талдау және даму орталығының бас маманы Зайда Өмірбекқызы қатысты. Іс-шараны Ақсу қаласының әкімі Әшімбетов Нұржан Кемерұлы жүргізіп отырды.
Шараға қатысушылар Ақсу ауданына қарасты ауылдармен онлайн және офлайн байланысқа шықты. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Қоқанұлы жат ағым өкілдеріне қатысты атқаратын іс-қызметтердің құқықтық нормаларын ЖАНТ мүшелеріне талдап түсіндірді. Ал бас имам Жолдас Қоспақұлы дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабының негіздері туралы түсініктеме беріп, жат ағым өкілдерімен жұмыс тәжірибесін бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облыстық өкілдіктің баспасөз қызметі
20.03.2021
2278
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру