Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: «Happy Cake» кондитерлік үйіне халал сертификаты берілді

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі 20.03.2021 2830 0 пікір
Талдықорған: «Happy Cake» кондитерлік үйіне халал сертификаты берілді

Талдықорған өңірі екі бірдей халал сертификатын иеленген мекемемен толықты.

Қаладағы «REDMOON sushi & pizza» фаст-фуд өнімдері жетекшісіне және «Happy Cake» кондитерлік үйінің жетекшісіне Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы «Халал Дамудың» арнайы сертификатын табыстады. 

Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылды. Сертификаттаудан өткізу барысында «REDMOON sushi & pizza» дәмханасында және «Happy Cake» кондитерлік үйінің ас дайындау бөлігінде бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді.

Айта кетейік, екі мекемеде республика бойынша арнайы франшиза аясында жұмыс істеп келеді және барлық нүктесі ҚМДБ-ның халал сертификатын иеленген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру