Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Ырғыз мешітінде «Ихсан ілімі» насихатталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 19.03.2021 2829 0 пікір
Ақтөбе: Ырғыз мешітінде «Ихсан ілімі» насихатталды

Қасиетті жұма күнінің кешінде Ырғыз аудандық мешітінің жамағатына арнайы дастарқан жайылды. Аудандық мешіттің наиб имамы Ақылбек Идаятұлы рухани сұхбатқа жиналған жамағатқа Ихсан ілімінің мәні мен мазмұнын түсіндіріп, мұсылман адамның жеке өмірі мен жалпы қоғамдағы маңыздылығы туралы уағыз-насихатын айтты.

Алла елшісініне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жебірейіл періште қойған сауалдан бастау алатын Ихсан ілімі – адам баласының бойына «Алла көріп тұр» деген кіршіксіз сенімнің берік орнықтыруды мақсат етеді. Мұндай сенімді жүрегіне терең сіңірген мұсылманның әр ісіне ұқыптылықпен қарайтыны, құлшылық-ғибадатын ықыласпен орындап, өзіне жүктелген кез-келген міндетті мүлтіксіз атқаруға күш салатыны сөзсіз.

Ақылбек Идаятұлы осындай рухани тәрбие негіздерін жамағатқа баяндай келе, ежелден бері «Құдай көріп тұр» деген сезімді жанына серік еткен бабаларымыздың жолын бүгінгі буын қайта жаңғыртып, келесі ұрпаққа аманаттауға тиісті екендігін жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру