Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте аймақтық имамдар форумы өтті

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 19.03.2021 2907 0 пікір
Шымкентте аймақтық имамдар форумы өтті

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында «Ас беру мәдениеті», сондай-ақ «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты аймақтық имамдар форумын өткізді.

Қос форумға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді мен Мұхамеджан Естеміров, «Халал Дамудың» бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Әйел-қыздар секторының мүшелері және Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттерінің имамдары қатысты.

Форум жұмысын бас имам Бақдәулет Абдрахманов жүргізіп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қабылданған құжаттардың маңыздылығына айрықша тоқталды.

Наиб имам Мұсабек Ақтамберді «Зират және зиярат ету мәдениеті» тақырыбы бойынша баяндама жасаса, «Халал Дамудың» бақылаушысы Қазыбек Сарыбаевтың «Ас беру мәдениеті» құжаты төңірегінде жан-жақты мәселелерді қамтыған баяндамасы тыңдалды.

Бұдан кейін мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов сөз сөйлеп, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, Діни басқарманың жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев сөз алып, екі жақты атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, Шымкент қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова бастаған ұстаздарға атқарып жатқан ерен еңбегі үшін арнайы қала әкімі Мұрат Әйтеновтың алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ, форум аясында ұсыныс-пікірлер, ізгі тілектер айтылды және форум қатысушыларының үндеуі қабылданды. Форум қорытындысы бойынша Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы аталмыш құжаттар жұртшылық арасында кеңінен насихаттау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Игі шараны жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Отырар» т.б. телеарналары мен баспасөз орталықтарыың тілшілері қатысып, ақпарат таратты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру