Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен ізгі іс-шара ұйымдастырылды.
Түрлі қауіпті індеттермен күресте алдыңғы шепте жүріп, адам жанының арашасы болып табылатын ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсету мақсатында, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері жергілікті медицина мамандарына сый-сияпат жасап, гүл шоқтарын табыстады.
«Асыл дінімізде адам өмірі ең үлкен құндылық екені белгілі. Осы ретте сіздер сырқатқа шалдығып, денсаулығына байланысты қиындыққа тап болған кісілерге әрдайым қол ұшын беріп келесіздер. Тіпті өз өмірлеріңізді де қауіп-қатерге қоясыздар. Қасиетті Құранда кім біреуді өлімнен құтқарса, барлық адамды құтқарғанмен тең екендігі айтылады. Сол себепті сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар!», - деді Естай Айтуғанұлы.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
19.03.2021
2757
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру