Жамбыл облысына қарасты Сортөбе ауылында Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, бейбітшілік пен келісім аясында кіші футболдан, арқан тарту және асық атудан Қордай ауданының Қарасу ауылынан бастап Қарасай батыр ауылының мешіт имамдары мен жамағат арасында спорт жарысы өтті.
Жарысты қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, Қордай ауданының имамы Асқар Зәкіржанұлы бағыштады. Сортөбе ауылының әкімінің орынбасары Мадый Багиұлы сөз сөйлеп, Сортөбе ауылының бас дәрігері, аудандық маслихаттың депутаты Танзиля Апаева жүрек жарды лебізін білдіріп , бірінші орын алған командаларға өзінің сыйлығын ұйымдастырушыларға табыстады.
Ақсақалдар бата беріп, әр ауылдан жиналған мешіт жамағаты сол жерде «Ырыс», «Алға», «Бірлік», «Ынтымақ», «Намыс», «Достық», «Сұңқар» атты командаларға бөлініп ойынның қызықты өтуіне атсалысты. Алдымен арқан тартудан І орынды «Бірлік» командасы жеңіп алса, ІІ орын «Ынтымақ» командасына бұйырып, ІІІ орынды «Ырыс» командасы еншіледі.
Ойынның кезегі кіші футболға берілді. Өте қызықты әрі тартысты өтті. Алғашқы ойыннан-ақ мықтылығын байқатқан «Достық» командасы бұл сайыста өте жақсы ойын көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынға «Намыс» жігіттері ие болса, «Алға» командасы үздік үштікті қорытындылады.
Бұдан кейін командалар ұлттық ойынымыз асық атудан сынға түсті. Жекелей сайыста «Ынтымақ» командасының ойыншысы мергендігімен көзге түсіп, бас жүлдені жеңіп алды. «Алға» ойыншысы ІІ орынға табан тіресе, «Бірлік» командасының намысын қорғаған ойыншы ІІІ орынды иеленді.
Қатысушылар дипломмен марапатталып, ауыл имамдарына қаржылай сыйлық пен алғыс хат берілді. Жарыс ұйымдастырушылары Қордай аудандық спорт бөлімінің жетекшісі Молдағалиев Д. мен Сортөбе ауылының әкімінің міндетін атқарушы Фушанло Р., сондай-ақ Ауыл мешіттерінің имамдары Дургалов А. Таубалды Д., Паншаров Г., Паров И., Минтеев С. Келген қонақтармен жамағаттың осындай ізгі амалдарды ұйымдастырып жақсы қөңіл сыйлағандары үшін алғыстарын білдірді.
Іс-шара соңы дастархан жаюмен жалғасып, келген қонақтарға Сортөбе ауылдық мешіті жанындағы балық өсірудің қыр-сыры таныстырылды.
Егеменді еліміз – көп ұлттар мен ұлыстар мекендеген қасиетті отанымыз. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл бұрын Сортөбе ауылына келіп, дунған ағайындармен кездесіп, бұдан былай ел ішінде келеңсіз жағдайларға орын жоқ екенін айтып, ел татулығын сақтап, қоян қолтық араласып, ел бірлігінің іргесінің сөгілмеуіне шақырған болатын. Міне сол ел президентінің жақсылыққа шақыруын Қордай жұрты қабыл алып, осындай достық пен бірлік аясында ауқымды шаралар өткізіліп жатыр.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.03.2021
3123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру