Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ауданға жаңа имам тағайындалды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 18.03.2021 3832 0 пікір
БҚО: Ауданға жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Бәйтерек ауданы «Жұбан молда» мешітінің бас имамы қызметіне Бейімбет Дүйсенәлі тағайындалды.

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Құралбайұлын қабылдады. Кездесу барысында ауданның діни ахуалы талқыланып, жаңа бастамалар мен болашақта жүргізілетін жоспарлар сараланды. Аудан әкімі Бәйтерек ауданы «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Бағдат Русланұлының қызметін жоғары бағалап, алғыс хатпен марапаттады.

Орал орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Құралбайұлы басшылықтың ұйғарымымен аудандық «Жұбан молда» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Бағдат Шақаевтың өтініші бойынша Орал қаласындағы Мұхаммед-Ғариф Түлбаев мешітінің азаншысы қызметіне ауысуына байланысты бұл орынға осыған дейін ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық Жастар ісі секторының жетекшісі қызметін атқарған Бейімбет Дүйсенәлі тағайындалғанын жеткізіп, жаңа аудан имамын жамағатқа таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. 

Бейімбет Жамбылұлы – Астана медресе-колледжінің түлегі. 2013-2016 жылдары Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы болып жұмыс істеген. 2016-2019 жылдары Нұр Мүбәрак университетінде «Исламтанушы» мамандығы бойынша білім алған. Сол жылы Ақтөбе облысы «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы, 2019-2021 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Жастар ісі секторының жетекшісі қызметін абыройлы атқарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру