Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 18.03.2021 2810 0 пікір
Қарағанды: Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеді

Балқаш қалалық Әскери бөлімінде дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген кездесуге өтті. Іс-шараға Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Рауан Айтқазин қатысты.

Ол қазіргі таңда ислам атын жамылған түрлі жат ағым өскелең ұрпақтың санасын улауда. Осы жат ағымның  шырмауына түскен жастарымыздың дәстүрлі дін мен теріc ағымның ара жігін ажырата алмай жүргенін айта келіп, жастарды осындай теріс ағымнан аулақ жүруге, ата-баба салт-дәстүрін құрметтеуге, ата-анаға құрмет көрсетуге шақырды.

«Дін мен салт-дәстүрді сабақтастыра отырып, Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстануымыз керек. Қазіргі жаһандану заманында еліміз өркениетті елдер қатарына жету үшін жастарымыз тек қана материалдық қана емес, рухани білімге де қатты көңіл бөлу қажет. ҚМДБ-ның биылғы негізгі жеті бағытының бірі – Ихсан ілімі. Осы бағытта ұлы тұлғалардың нақыл сөздері мен сара жолдарын насихаттау арқылы елімізге, жерімізге нағыз патриот ұрпақ тәрбиелейміз» деген наиб имам жастарға бірлесе жұмыс атқаруға кеңес берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру