Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Бас имам – Үржар ауданында

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 17.03.2021 3432 0 пікір
Семей: Бас имам – Үржар ауданында

Семей өңірінің бас имамы Асқар Мұқанов Үржар ауданына ресми іссапарымен келді.

Бас имам алдымен Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейтовтің қабылдауында болды. Кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы Нұржан Есенгелдіұлы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ернат Қыдырмоллаұлы қатысты. Әңгіме барысында ауданның діни ахуалы, діни тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды.

Одан кейін Үржар аудандық орталық мешітінде ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ернат Қыдырмоллаұлы және Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлының қатысуымен имамдардың кеңейтілген жиыны өтті.

Жиын барысында Асқар Әбітайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен «Жеті рухани қазық», «Ас беру», «Зират және зиярат ету мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттарымен таныстырды.

Атап айтқанда, «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының мұсылманның бойындағы адамгершілік, әдептілік, сыйластық сияқты ізгі сипаттарды қалыптастыру және ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу туралы ғибратты насихаты айтылды.

Кездесуде аудан имамдарына ас берудегі ысырапшылдықты тыю, ас беру шарасын бір үлгімен өткізу, жерлеу рәсімі мен зиярат жасау мәселелері, зияткер имамның заман талабына сай жан-жақты болуы жөнінде семинар өткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру