Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Ескелді ауданында семинар өтті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 17.03.2021 2819 0 пікір
Талдықорған: Ескелді ауданында семинар өтті

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес Ескелді ауданында имамдарға «Ихсан – рухани ілімнің негізі» атты семинар өтті.

Кездесуде Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы ҚМДБ қабылдаған құжаттар жайлы түсіндірме жұмысын жасады. Ал, өңірдің рухани тәрбие бағытына жауапты маманы Ордыбай Мұхаммед Ихсан турасында сөз қозғап, имамдар сұрағына жауап берді.

ҚМДБ-ның алға қойған бір мақсаты – оңалту бағытында жұмыс жасап, дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру. Осы бағытта оңалту бөлімінің маманы Хамитұлы Тәбәрәк имамдарға семинар түсіндірме жұмысын жүгізді.

Шара барысында имамдар аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық қоржындарын үлестірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру