Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Жастар орталығында өткен жүздесу

asyldin.kz 17.03.2021 3442 0 пікір
Жамбыл: Жастар орталығында өткен жүздесу

Жамбыл облысы, Шу ауданының бас имамы  Аят Алмаханов аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нде қонақта болды.

Аталған мекеменің Жастарға кеңес беру алаңында жастар тәрбиесі, дін мен дәстүр, жат ағымдарға тосқауыл қою турасында сұхбат беріп, салихалы әңгіме өрбітті.

Жастар  ресурстық орталығының @shuzastar Инстаграм парақшасында тікелей эфирде өткен сұхбатты әлеуметтік желі қолданушылары жылы қабылдап, әңгімені ұйып тыңдады.

Сұхбатты жүргізген орталықтың ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Байжан Ембердінің  жастар тәрбиесі, жастар арасындағы ажырасу себептері мен салдары,  үйленуде ескеретін жайттар туралы сауалындарына бас имам  Аят Дыбысұлы көкейге қонымды, шариғи дәлелдермен, дәстүріміздегі дәйектермен жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру