Ақтөбе облысы Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов «Хромтау тау-кен техникалық колледжінде» студенттермен кездесті.
Кездесу барысында бас имам колледж студенттерге «Ихсан ілімі – рухани тәрбие» тақырыбында дәріс оқыды.
«Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбірейіл періште қойған сауалдан бастау алатын Ихсан ілімі – адам баласының бойына «Алла көріп тұр» деген кіршіксіз сенімнің берік орнықтыруды мақсат етеді. Мұндай сенімді жүрегіне терең сіңірген мұсылманның әр ісіне ұқыптылықпен қарайтыны, білім алуды ықыласпен орындап, өзіне жүктелген кез-келген міндетті мүлтіксіз атқаруға күш салатыны сөзсіз» деді Ерік Сұлтанов.
Бас имам осындай рухани тәрбие негіздерін студенттерге баяндай келе, ежелден бері «Құдай көріп тұр» деген сезімді жанына серік еткен бабаларымыздың жолын бүгінгі буын қайта жаңғыртып, келесі ұрпаққа аманаттауға тиісті екендігін жеткізді.
Студенттер де белсенді түрде сұрақтар қойып, ислам, иман, ихсанға қатысты тұшымды жауаптар алды.
Кездесу соңында колледж басшылығы бас имамға студенттермен өткен қызықты кездесу үшін алғысын білдіріп, осындай кездесулерді тұрақты өткізіп тұруды ұсынды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
17.03.2021
3202
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру