Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Ақын Ақылбек Шаяхметпен кездесу өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 16.03.2021 2622 0 пікір
Қостанай: Ақын Ақылбек Шаяхметпен кездесу өтті

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің үйымдастыруымен ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхметпен кездесу өтті.

Белгілі қаламгер жүздесуде жастарға иман, ислам, ихсан ұғымдары жайында кеңінен баяндады. Сондай-ақ өзінің діни тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Жастар жыр жолдарын ұйып тыңдады.

Басқосу барысында «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Жетесов «Танбиh», «Хикәм» кітаптарынан Ихсан ілімі туралы түсінік берді.

Жүздесудің тағылымы мен ғибраты мол болды. Жиналғандар дін тақырыбына қалам тартып жүрген қаламгерге дән ризашылық білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру