Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Бас имам түлектермен сұқбаттасты

asyldin.kz 16.03.2021 2680 0 пікір
Тараз: Бас имам түлектермен сұқбаттасты

«Ғылымды кісінің білімі де, күші де, білегі де күшті» демекші, 3 жыл бойы діни білім алып, нағыз маман болып тәрбеленген «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттері күні ертең өз ордасынан түлек болып ұшқалы отыр.

Осы 3 курс студенттерімен Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы жүздесті. Жастар диплом алған соң қайтпек? Алдарына қандай мақсат қоюда? Жұмысқа орналасу, білімін жетілдіру сынды жоспары қандай? Бұл турасында бас имам шәкірттермен сұхбат жүргізіп, өңір мешіттерінде жұмыс жасауды ұсынып, таңдауын тыңдады.

Биыл оқу орнын 15 шәкірт бітіреді. Әрбір түлекті бас имам жеке-жеке қабылдап, тілдесіп, жұмысқа, я оқуға барғысы келетін жерін сұрады. Студенттер бас имамға сауал қойып, діни қызмет барысындағы қиындықтар, жауапкершілік жайлы кеңесін тыңдады.

Бейбіт Мырзагелдиев алда әлі де кездесулер өткізілетінін және шәкірттерді қалаған жерге қызметке жіберуге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру