Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда қасапшыларға арналған семинар өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 15.03.2021 2813 0 пікір
Павлодарда қасапшыларға арналған семинар өтті

ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігі қасапшыларға семинар-тренинг жүргізді. Оған аудан, ауыл мешіттерінен арнайы келген қасапшылар қатысты.

«Халал Дамудың» Павлодар облысындағы жауапты өкілі Серік Темірғалиев пен мекеме маманы Қазыбек Какенов қасапшылар арқылы халыққа, кәсіпорындарға жүргізетін түсіндірме жұмыстарының бағыты және алдағы уақытта «Халал» сертификаттауға кәсіпорындарды өткізу бағытындағы іс-жоспарын таныстырды.

Сондай-ақ шариғат бойынша малды қалай бауыздау, сою туралы, халал өнімдерге қойылатын талап, қандай өнімдер күмәнді болатыны туралы қасапшылардың білімін пысықтап, осы тақырыптарды кең көлемде талқылап, ауыл, аудандық жердегі кәсіпкерлерге халалдың маңызын түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізу тұруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру