Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде «Көрісу күні» аталып өтті.
Іс-шара аясында мешіт ақсақалдары және Әжелер мектебінің өкілдері шағын құрамда жиналып, Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Әз Наурыздың бастауымен құттықтады.
«Ырыздықтың, береке-бірліктің, ынтымақтың мерекесі – әр шаңыраққа қуаныш әкелсін» деді бас имам.
Үлкендер жағы бата беріп, еліміздің амандығы үшін дұға жасады. Іс-шара соңында жиналғандарға «Ислам таластыра ма, жарастыра ма?» кітабы табыс етілді.
Карантин талаптары қатаң сақтала отырып, ақсақалдарға, әжелерге құрмет көрсетілген іс-шара облыстың барлық мешіттерінде өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
15.03.2021
2419
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру