ҚМДБ Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы жұмыс сапарымен Қаратал ауданында болып, жергілікті діни ахуалмен танысты.
Ардақ Нүсіпханұлы аудан халқына ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам болып тағайындалған Жансерік Алпысбаевты таныстырды.
Жансерік Өмірсерікұлы – қызметке келген осы ауданның тумасы. Бұған дейін Қаратал ауданы, Кәлпе ауылының бас имамы, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарған. Жергілікті ақпарат-насихат тобының мүшесі.
Бас имам жамағатқа қос қызметкердің қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жайында жеткізе келе, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. Жамағат атынан Ерік Бөлекбаевқа алғыс білдіріп, иығына шапан жауып, ілтипат білдірді. Мешіт көркі болған ақсақалдар қауымы да ақ баталарын беріп, жаңа имамға құттықтауларын жеткізді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
15.03.2021
3191
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру