Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің есімі берілген ауданда болды.
Бас имам алдымен аудан әкімі Қайсар Мыржақыповпен кездесіп, өңірдегі діни ахуал жайлы әңгімелесті. Аудан басшысы да өз кезегінде руханият саласында атқарылып жатқан жарқын істер хақында баяндады.
Бахытбек Тәжімбет жергілікті мешіт жамағатына жаңадан сайланған ауданның бас имамы Ислам Хамзинді таныстырып, оған жауапты қызметінде табыс тіледі.
Сондай-ақ «Ихсан және Жастар» атты рухани танымдық кешке қатысып, басқосудың мәні мен алда тұрған міндеттерге кеңінен тоқталды.
Осы сапар барысында аталмыш ауданның Тобыл бекетіндегі «Ажар» мешітінде жолаушыларға арналған «Жолаушы бөлмесін» ашты.
–Бұл сапар өте нәтижелі әрі жемісті болды. Өйткені, біз ұлттық мақтанышымыз Бейімбет Майлин атындағы ауданында ғұмыр кешіп жатқан ағайындардың қазіргі қиын кездегі көңіл-күйін біліп, өзіміздің тағылымы мол уағыздарымызбен олардың рухын көтердік. Әрқашан да ұйымшылдық танытып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз, - деді Бахытбек Нұрғабылұлы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
15.03.2021
3238
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру