Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қазыналы ақсақалдарымызға ақ дастархан жайылып, рухани-танымдық жиын ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы:
«Бірнеше ай бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтті. Алқалы жиында «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттары қабылданып, сондай-ақ, Ихсан іліміне қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды», – дей келе, әрбір құжатқа жеке тоқталып, жиылған қауымға таныстырды.
Аталмыш жиынға арнайы қатысқан Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы: «Амал мекересі – Наурыз айының көркін ашатын, ізгілікке шақыратын, жастарды жақсылыққа бастайтын игі дәстүр. Бұл айтулы күні араздасқан тараптар татуласып, ағайын-туыс табысып, көрісіп жатады. Осыған орай, келе жатқан Амал мерекесі баршамызға құтты, берекелі болсын», деп айтты. Сонымен қатар ҚМДБ тарапынан қабылданып жатқан жаңа құжаттардың мән-маңызын өскелең ұрпаққа дұрыс әрі толық түсіндіру – ортақ міндет екендігін де айта өтті.
ҚМДБ тарапынан қабылданып жатқан құжаттардың мән-маңызын өскелең ұрпаққа дұрыс әрі толық түсіндіріп, жеткізуіміз тиіс деп айтып өтті.
Өз кезегінде, ақсақалдар алқасының атынан сөз сөйлеген тарихшы, өлкетанушы Алқажан қажы Еділхантегі ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттардың маңыздылығына тоқталып, әсіресе, Ихсан ілімі насихатталуының қолға алынып жатқандығына өте қуаныштымыз деген пікір білдірді.
Жиын соңында қариялар жағы да бас имамның көрсеткен қамқорлығына дән ризашылықтарын білдіріп, еліміздің амандығы үшін ақ баталарын берді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
15.03.2021
3104
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру