Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам БАҚ өкілдерімен кездесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 14.03.2021 2775 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам БАҚ өкілдерімен кездесті

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы өңірлік БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

«Ихсан ілімі – әдептілік пен рухани кемелдену жолы» атты рухани жиынға Маңғыстау өңіріне танымал БАҚ өкілдері, журналистер, блогерлер, ақындар, өлкетанушылар, қоғам белсенділері, спортшылар қатысты.

Алғы сөзді алған Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ 2021 жылы ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, діни ағымдармен жұмыс бағыттары бойынша қызмет атқаратындығын айтып өтті. Сонымен қоса, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ихсан іліміне ерекше көңіл бөлініп жатқандығын тілге тиек етіп:

«Ихсан ілімі жаңадан басталған дүние емес, ғасырлар бойы біздің ата-бабамыз осы рухани тәрбие жолын ұстанып келді. Бүгінгі таңда мүфтиятымыз тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың мақсаты – бұл ілімнің дамуына жаңа леп беру. Сіздерді, маңғаз Маңғыстау жерінде ихсан ілімін насихаттау бағытында бірігіп жұмыс істеуге шақырамын. Себебі, қазіргі таңда, ихсан ілімі ұлтымыздың рухани болмысын сақтаудың бірден-бір жолы болып табылады», деп айтты.

Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ тарапынан жақында ғана қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарының маңыздылығына да тоқталып өтті. Бұдан бөлек, дөңгелек үстел барысында руханият саласындағы өзге де өзекті мәселелер ортаға салынып, талқыға түсті.

Кездесу соңында, ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігінің атынан әр қонаққа келе жатқан Амал мерекесіне орай арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру