Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Аягөз мешітінде кітапхана ашылды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 14.03.2021 2880 0 пікір
Семей: Аягөз мешітінде кітапхана ашылды

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Мұқанов Аягөз қалалық мешітіне қарасты кітапхананың ашылу рәсіміне қатысты.

Кітапхана Аягөз қалалық мешіті жанындағы сауат ашу орталығының үстіңгі қабатында орналасқан. Бас имам Асқар Әбітайұлы игі іске демеуші болған жомарт жандарға ризашылығын білдіріп, сый ретінде қасиетті Құран Кәрім мен алғыс хат табыс етті.

«Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушының бірі  Оралхан Бөкей атамыздың сөзі кітапхананың өмірдегі орнын  айқындап тұрғандығын білеміз. Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемді ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін  әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек. Шынтуайтында, қалаған кітабыңды қолыңа ұстап, парақтап оқып, керекті ойларыңды белгілеп, жазып алып, еркін пайдаланғанға не жетсін. Сонымен қатар кітапхана ішіне алдағы уақытта интернет желісіне қосылып, электронды кітап оқуға да жағдай жасалмақ» дейді мешіт қызметкерлері.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру