«Халал» бағыты бойынша халыққа, кәсіпорындарға түсіндірме жұмыстарын жүйелі атқару туралы ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында Өскемен аймағында бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр.
«Халал Дамудың» Өскемен аймағындағы жауапты өкілі Досжан Үмбет Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының имамдарымен кездесу өткізді. Жиын аудандық «Мұса баба» мешітінде өтіп, оған ауыл имамдары қатысты.
Жиында Досжан Үмбет: «Халал» сертификаттау ісін халыққа барынша насихатау аса маңызды болып отыр. Сондықтан ауылдарыңыздағы және аудан орталығындағы кәсіпкерерге халалдың маңызын түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуіміз керек» керек дей келе, өзіне қойылған сауалдарына жауап берді. Ол сонымен қатар алдағы уақытта «Халал» сертификаттауға кәсіпорындарды өткізу бағытындағы іс-жоспарын таныстырып, пікір алмасты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
14.03.2021
2954
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру