Алматы облысы, Қаратал ауданына жұмыс сапары аясында Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы аталған ауданның әкімі Қайрат Бұлдыбаевпен кездесті.
Кездесу барысында аудандағы діни ахуал, мешіттердің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, құлшылық үйлерінің діни мамандармен қамтылу жайы талқыланды.
Бас имам жоспар бойынша ауданға жаңадан қызметке тағайындалған Алпысбаев Жансерік имамды аудан басшылығымен таныстырды.
Аудан әкімі бірлесе жұмыс жасап, өңірдің діни әлуетін көтеруде ықпалдастық танытатынын жеткізді.
Сондай-ақ бас имам Қаратал аудандық орталық мешітіне барып, ондағы ахуалмен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат тыңдап, тиісті міндеттер жүктеді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
14.03.2021
3740
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру